RU
Толық нұсқаға өту

Келесі жылы Қазақстан БҰҰ-мен бірге Өңірлік экологиялық саммитін өткізеді

29.05.2025, 12:16 338

Келесі жылы Қазақстан БҰҰ-мен бірге Өңірлік экологиялық саммитін өткізеді. Бұл туралы Астана халықаралық форумында сөз алған Мемлекет басшысы айтты, деп хабарлайды 24kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасының еліміздегі рөліне тоқталды. Ақпарат бойынша қазір әлемдегі уран қорының 40%-і біздің елдің еншісінде. Сондықтан атом энергетикасын дамытуды ұлттық стратегияның басым бағыты. Президент Орталық Азиядағы климат дағдарысына алаңдаушылық білдірді. Мұнда ғаламдық жылыну деңгейі әлемдегі орташа көрсеткішпен салыстырғанда екі есе жоғары екінін жеткізді. Мәселені бірлесіп шешу үшін өңірлік тұрғыдан үйлестірілген, прагматикалық бағыттағы климат күн тәртібін ілгерілетуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

- Келесі жылы Қазақстан БҰҰ-мен бірге Өңірлік экологиялық саммитін өткізеді. Бұл алаң Орталық Азия елдерінің стратегиясын жаһандық мақсатпен ұштастыруды көздейді. Екі ай бұрын БҰҰ Бас ассамблеясы Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның аймақтық орталығын құру туралы қарарды ресми түрде қабылдады. Бұл – біздің көпжақты дамуға үлес қосқан маңызды жетістігіміз. Аталған орталық бірлескен жобаларға қолдау көрсетіп, техникалық сараптамаларды қамтамасыз етеді және халықаралық ынтымақтастықты үйлестіреді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz