RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Google-дың Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президентін қабылдады

29.05.2025, 17:15 382

Мемлекет басшысы Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингті қабылдады.

Астана халықаралық форумы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Google компаниясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша вице-президенті Патрик Ворнкингпен кездесті. 

🔵Президент компанияның еліміздегі цифрлық трансформацияға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

🔵Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуразиядағы цифрлық хабқа айналу жөнінде стратегиялық мақсат қойғанын жеткізді. Аталған стратегия тіршіліктің барлық саласына жасанды интеллектіні енгізуді көздейді. Ол үшін еліміз цифрлық және коммуникациялық инфрақұрылымға, сондай-ақ есептеу қуатын арттыруға белсенді түрде инвестиция құйып жатыр.

🔵Патрик Ворнкинг жасанды интеллектіні пайдаланып, цифрлық келешекке жол ашу үшін инфрақұрылым әзірлеу және маман даярлау ісінде Қазақстанның қол жеткізген табысына жоғары баға берді.


t.me/aqorda_resmi

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz