Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #Халықаралық балаларды қорғау күні #құттықтауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz