RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Корея президенті болып сайлануымен құттықтады

04.06.2025, 21:22 357

Мемлекет басшысы Корея Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңді Корея Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жандандырып, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжэ Мёңнің аса жауапты қызметіне сәттілік, достас Корея халқына құт-береке тіледі.


 t.me/aqorda_resmi

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz