Республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді.
Қазгидрометтің хабарлауынша, найзағай жарқырап, жаңбыр жауады. Күндіз елдің солтүстігінде жауын құяды. Батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ жауады. Солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Ауа райы құбылмалы болғанымен бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Жамбыл облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Сонымен қатар Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда, Атырау облысының шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстікте, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Жетісу, Абай, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында, Ұлытау облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде 35-40 градус аптап ыстық күтіледі.
Тегтер #ауа райы болжамы #маусым #ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz