RU
Толық нұсқаға өту

Астанада ұшақ апатынан 2 адам қаза тапты

22.06.2025, 15:00 553

Астанада оқу-жаттығу кезінде TL-2000 ұшағы апатқа ұшырап, 2 адам опат болды.

Бұл жайында Көлік министрлігі мәлімдеді. Оқиға бүгін шамамен сағат 11:30-да Астана қаласы маңындағы Жоламан әуе айлағында болған. Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында жеңіл әуе кемесі апатқа ұшыраған. Ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша, бортта екі экипаж мүшесі болған. Өкінішке қарай екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылады. Тиісті органдар тергеу жұмыстарына кірісті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz