RU
Толық нұсқаға өту

Бүгін – Полиция қызметкерлері күні

23.06.2025, 08:00 644

Бүгін - ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшыларының кәсіби мерекесі.

Осыдан 33 жыл бұрын ішкі істер органдары туралы заң қабылданып, Қазақстан полициясы құрылды. Ал 2007 жылы бұл дата «Полиция күні» ретінде бекітілді. Содан бері үздіксіз тойланып келеді. Осы күні құқық қорғау саласында қызмет етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетіліп, еселі еңбегімен көзге түскендер марапатталады. 

Бүгінге дейін қызметтік міндетін атқару барысында ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері ерлікпен қаза тапқан. 5 мыңға жуығы жарақат алды.

Елде «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру бағытында жұмыстар қарқынды. Соңғы жарты жылда ел аумағында елу мыңға жуық қылмыстық іс тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 107 жағдайға аз.

Интернет-алаяқтық бойынша 1,6 млрд теңгеден астам қаражаттың белгісіз шотқа аударылуына жол берілмеді. 74 sim-бокс пен 88 мыңнан астам sim-карта табылды. Ауыстырылған нөмірлерден 67 миллионға жуық халықаралық қоңыраулар бұғатталды.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам есірткі және 15 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. 95 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды. 18 қылмыстық топ жойылды. 14 мыңнан астам есірткі сайты мен 15 мың банктік карта бұғатталды. 

1) Қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан:

800-ден астам полиция қызметкері

Жарақат алған: 5 мыңға жуық қызметкер

2) 2025 жылдың алғашқы жартысы:

Қылмыстар саны былтырмен салыстырғанда 3 107-ге азайды

Жалпы тіркелген қылмыс: 49 667

3) Цифрлық қауіпсіздік

Интернет-алаяқтардан 1,6 млрд теңге қорғалды

74 sim-бокс, 88 мың sim-карта тәркіленді

67 млн халықаралық жалған қоңырау бұғатталды

4) Есірткімен күрес

4 тоннадан астам есірткі

15 тонна прекурсор

18 қылмыстық топ жойылды

95 жасырын зертхана жабылды

14 мыңнан астам есірткі сайты

15 мың банктік карта бұғатталды

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz