RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Әлия Молдағұлова есімін шетелде дәріптеу керек

25.06.2025, 14:30 565

Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына сапары барысында алдымен қазақтың қайсар қызының рухына тағзым етті. Ескерткішіне гүл шоғын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Сол жерде Қасым-Жомарт Тоқаев өңір жұртшылығымен жүздесіп, әңгімелесті.

Ол батырдың 100 жылдығына арнайы келгенін: «Бұл – азаматтық борышым»,-деді. Әлияның есімін халық арасында, қала берді шетелде кең ауқымда дәріптеу керегін айтты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz