Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #мерейтой #құттықтауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz