RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық парктерге 2,8 млн адам барған

22.07.2025, 08:35 559

Ұлттық паркттерде сейіл құратын саяхатшылар саны бір жылда 18 пайызға артты.

Былтыр мұндай демалыс орындарына 2,8 млн турист барған. Әсіресе Іле-Алатау ұлттық паркі мен Шарын шатқалына аяқ басқан қарашаның қатары қалың. Сол секілді Алтын-Емел мен Көлсай да сұраныс көшін бастап тұр. Бұл жайлы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Жауаптылар ішкі туризмді одан әрі де ілгерлетуге ниетті. Ол үшін жаңа экотуристік маршруттарды дамытпақ. Қазіргі таңда табиғи маршруттардың шамамен 750 шақырымы абаттандырылды. Алдағы жылдары тағы 350 шақырымын маусымдық ерекшеліктерге және көлікке ыңғайлы қылып жабдықтау жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz