RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Түркия президентімен әңгімелесті

29.07.2025, 07:04 749

Түркияға ресми сапармен барған Мемлекет басшысы Анкара әуежайында өзін аса құрметпен қарсы алған Режеп Тайип Ердоғанмен аз-кем әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысына қонақжайлық танытқаны үшін алғысын білдірді.

«Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет», – деді Президент. Мемлекет басшысы екі ел арасында ешқандай түйткіл жоқ екенін, бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстыратынын айтты. Ал бүгін мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz