Алматы облысында радардан жоғалған тікұшақ экипажын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Құтқарушылар бүгінге дейін Сорбұлақ су қоймасының тең жартысын тінтіп шыққан. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Кеген Тұрсынбаев айтты. Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, іздеу жұмыстары 10 күн бойы таңнан қара кешке дейін еш тоқтаған емес. Бірақ ауа райының қолайсыздығы мен Сорбұлақ суының лайлы болуы іздеу шараларына кедергі келтіріп жатқанын жасырмады.
Еске салсақ, ЕС-145 әскери тікұшағы 25 шілдеде Луговое аэродромынан ұшып, радардан жоғалды. Бортта экипаждың үш мүшесі болған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #тікұшақPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz