Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованы қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Ведомство басшысы саланың қазіргі жайын баяндады. Биылғы бірінші жартыжылдықта өлім-жітім 3%-ке төмендеген. Дәрігерлер тапшылығы да жүйелі түрде шешіліп келеді. Маман жетіспеушілігі республикада 19%-ке азайған. Одан бөлек, медицина қызметкерлерін қорғау шаралары жөнінде ақпарат берілді. Бұл орайда заңнаманы қатаңдатуға, дәрігерлерге шабуыл жасалған жағдайда жедел көмек көрсетуге ден қойылады. Министрліктің мәліметінше, келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топтағы 1 млн адам медициналық сақтандырумен қамтылады. Кездесу соңында Президент бірқатар тапсырма берді.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Заң аясында 100 еселенген ең төмен жалақының мөлшерінде бүгінгі таңда 264 дәрігеріміз әлеуметтік қолдау тапты. Осының аясында ауылға жіберіп жатқан дәрігерлеріміздің саны өсуде. Президентке дәрігерлерді, медицина қызметкерлерін қолдау шаралары туралы баяндалды. Оперативті түрде соңғы 1 айдың ішінде 150-ден астам ауруханаларда полицей посттар ашылды. Сонымен қатар заң аясында тиісті өзгерістерді енгізуге байланысты жұмыстар жүруде. Қыркүйекте Парламентте медицина қызметкерлерін қорғау шаралары туралы тиісті Заңға өзгерістерді енгізу ұсыныстары болады.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #ҚР ДСМ #Ақмарал Әлназарова #қабылдау #АқордаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz