RU
Толық нұсқаға өту

Қ.Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

28.08.2025, 12:10 298

8 мемлекеттің жаңадан тағайындалған елшілері Қазақстанда өздерінің дипломатиялық миссияларын бастап кетті. Бүгін олар Ақордада  Президентке сенім грамоталарын тапсырды.

Өздерінің елшілік миссиясын Украина, Үндістан, Алжир , Швеция, Бельгия, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Латвия, Грузия Республикасы мен БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі жалғастыратын болады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттарға еліміздің көп векторлы және теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырғанын жеткізді. Тағы Президент жаңадан тағайындалған елшілер Қазақстанмен серіктестік байланыстарды нығайту мен кеңейту ісіне белсенді түрде үлес қосатынына сенім білдірді.

Даце Рутка, Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Латвия мен Қазақстан әрқашан да жақсы әріптес болып келеді. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар, әсіресе, экономиканың түрлі секторларында және саясат саласында дамып отыр. Латвия – танымал мемлекет, онда әртүрлі бағдарламалар жүзеге асырылады. Соның ішінде Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы БОМКА атты бағдарлама бар. Латвия Қазақстанмен экономикалық әлеуетті, әсіресе, транзит, трансфер және логистикалық жолдар саласында дамытуды қалайды.

Сарангоо Раднаарагчаа, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкілі:

- БҰҰ-ның өкілі әрі үйлестірушісі ретінде Қазақстанмен әріптестіктің маңыздылығын атап өткім келеді. Әсіресе, тұрақты даму мақсаттары мен инклюзивті өсім саласында. Соңғы жылдары Қазақстан зор нәтижелер көрсетіп келеді әрі бізде бірқатар табысты жобалар бар. Біз оларды дәл осындай қарқынды қарым-қатынаста одан әрі дамытуға ниеттіміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz