Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Президент ұйымның бейбітшілік пен келісімді насихаттаудағы еңбегін жоғары бағалап, Қазақстан діндер мен мәдениеттер арасындағы диалогқа әрдайым айрықша мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 22 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дін көшбасшыларының съезі соның нақты дәлелі. Сонымен қатар еліміздің бастамалары жаһандық қауіпсіздікке елеулі үлес қосып отырғанын жеткізіп, Сауд Арабиясымен ынтымақтастық та одан әрі нығаятынына сенім білдірді. Өз кезегінде Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы съезді адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін ерекше алаң деп бағалап, Қазақстанға табыс тіледі. Кездесу соңында Президент Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны әлемдегі конфессияаралық келісімге қосқан үлесі үшін I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #Дүниежүзілік ислам лигасы #марапат #Достық орденіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz