RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцельді қабылдады

21.09.2025, 19:47 501

Президенттің Нью-Йоркке жұмыс сапары канадалық трансұлттық компания басшысымен кездесуден басталды, деп хабарлайды 24kz.

Жүздесуде тараптар уран өндіру саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Cameco «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының ежелден сенімді серіктесі екенін атап өтті. Қазақстанға 500 миллион доллардан астам инвестиция құйған әрі технологиялар трансфертіне ықпал еткен. Тим Гитцель Президентке «Инкай» бірлескен кәсіпорнының қазіргі қызметі мен жоспарлары жөнінде ақпарат берді. Бұл компания Түркістан облысында орналасқан кен орнын ширек ғасырдан бері игеріп келеді. Алдағы уақытта еліміз үш атом электр стансасын салуды көздеп отыр. Осы ретте Мемлекет басшысы Қазақстан атом саласында қолданылатын инновациялық тәсілдерге қызығушылық танытатынын жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz