Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркте жүр. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді. Президент бірқатар мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ трансұлттық компаниялардың өкілдерімен екіжақты және «дөңгелек үстел» форматында кездесулер ұйымдастырылып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылады.
Тегтер #президент #БҰҰPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz