RU
Толық нұсқаға өту

Бүгін – Халықаралық қарттар күні

01.10.2025, 07:36 629

Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Бұл мереке зейнеткерлерге қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге, олардың еңбегін ұлықтауға арналған, деп хабарлайды 24kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мейрам қарсаңында елдегі ғасыр куәгерлеріне қатысты мәлімет жариялады.

Мамандардың айтуынша, қазір Қазақстанда 100 жастан асқан 448 зейнеткер тұрып жатыр. Көнекөздердің көбі, яғни, 58 қария Алматы қаласының тұрғыны. Тағы 53-і Түркістан облысында, 37-сі Алматы облысында тұрады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz