Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.
Тараптар стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады. Сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Кездесуде өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де қаузалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға «Орталық Азия – Ресей» саммитін, сонымен қатар ТМД мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын табысты өткізуге тілектестік білдірді.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #Эмомали Рахмон #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz