Мемлекет басшысы «Қазақстан барысы - 2025» турнирінің жеңімпазын құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Марат Байқамұровты қазақ күресінен «Қазақстан барысы - 2025» турниріндегі жарқын жеңісімен құттықтаймын! Ол тамаша өнер көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен шықты. Мемлекет қазақ күресінің дамуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береді» деп жазылған құттықтау мәтінінде.
Айта кетейік, Астанада қазақ күресінен «Қазақстан Барысы - 2025» турнирінің жеңімпазы белгілі болды.
Тегтер #24KZ #Қазақстан барысы #президент #құттықтауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz