2025 жылғы 01 қараша
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбделмәжид Теббун мен оның отандастарын Алжир Халық Демократиялық Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
– Біз еліңізді араб әлеміндегі және Солтүстік Африкадағы сенімді серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Қазақстан мен Алжир арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас халықтарымыздың игілігі жолында ұдайы дами беретініне кәміл сенемін, – делінген құттықтау жеделхатында.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Алжир #құттықтауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz