RU
Толық нұсқаға өту

Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен кездесті

06.11.2025, 19:12 377

Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубиомен және Дональд Трамп әкімшілігінің басқа да өкілдерімен кездесті. Тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібінің басты аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Президент Қазақстан мен АҚШ үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнеркәсіп пен бизнесті қолдауға септігін тигізетін экономикалық ықпалдастық арқылы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүмкіндік туғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, еліміз АҚШ-пен түрлі деңгейде белсенді саяси байланыс орнатқан. Әрі сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету бойынша конструктивті диалог жүргізуге дайын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz