Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында мемлекет басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады. Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Тегтер #Тоқаев #Шавкат Мирзиёев #Басты жаңалықтар #ӨзбекстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz