RU
Толық нұсқаға өту

Тоқаев пен Мирзиёев қандай құжаттарға қол қойды?

15.11.2025, 13:48 439

Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды 24KZ Ақорданың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев келесі құжаттарға қол қойды: 

  1. Жоғары мемлекетаралық кеңестің Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы өңірлері басшыларының кеңесін құру туралы шешімі;
  2. Жоғары мемлекетаралық кеңестің геология және сирек кездесетін металдарды өндіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешімі;
  3. Жоғары мемлекетаралық кеңестің трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжау бойынша екіжақты жұмыс тобын құру туралы шешімі; Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.
Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz