Қазақстан Эстонияны Балтық өңіріндегі, сондай-ақ Еуропа Одағындағы өте маңызды серіктес ретінде қарастырады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев тараптардың кеңейтілген құрамындағы келіссөзінде мәлімдеді.
Кездесуде саясаткерлер экономикалық ықпалдастықтың басым бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, сауда-инвестиция, цифрландыру, жасанды интеллект, көлік-логистика, өнеркәсіп кооперациясы, ауыл шаруашылығы сынды салалар қаралды. Мемлекет басышсы екіжақты ықпалдастықтың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталып, екі ел барлық бағыт бойынша жан-жақты байланыс орнатқанын жеткізді. Өз кезегінде Алар Карис Қазақстанды Эстонияның Орталық Азиядағы ең маңызды экономикалық серіктесі деп атап, елімізге инвестиция салуға әзір екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы екіжақты ықпалдастықтың оң қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталып, Қазақстан мен Эстония барлық бағыт бойынша жан-жақты байланыс орнатқанын жеткізді.
Екі ел арасындағы саяси диалог ашық әрі сындарлы сипатта өрбіп, өзара түсіністікті нығайтуда парламентаралық ынтымақтастық маңызды рөл атқарып отыр.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz