RU
Толық нұсқаға өту

22 қарашаға арналған ауа райы болжамы

22.11.2025, 07:09 433

22 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

22 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 22 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

22 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ: 22 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

22 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 22 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қарашада түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жезқазған қ.: 22 қарашада түнде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

22 қарашада түнде Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Қарағанды қ.: 22 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

22 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында қатты қар, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 22 қарашада түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.

22 қарашада түнде Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 22 қарашада түнде көктайғақ күтіледі.

22-23 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 22 қарашада күндіз, 23 қарашада түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 22-23 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.

22 қарашада күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қостанай қ.: 22 қарашада Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

22 қарашада түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

22 қарашада Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 22 қарашада тұман күтіледі.

22 қарашада Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 22 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

22 қарашада Ақмола облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 22 қарашада түнде көктайғақ күтіледі.

Астана қ: 22 қарашада көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

21-22 қарашада Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Түркістан қ.: 21-22 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz