RU
Толық нұсқаға өту

ҚР СІМ Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға қатысты наразылық білдірді

30.11.2025, 11:11 577

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының инфрақұрылымына жасалған шабуылға наразылық білдірді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акт болып отыр. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров  жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстан энергия ресурстарын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше мән беретінін атап өтті. Каспий құбыр консорциумы әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығында шешуші роль атқарады. Бұл оқиға Украинамен екі жақты қарым-қатынасқа нұқсан келтіретін қадам ретінде қарастырылады, деді. Әрі украин тарапы мұндай оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдайтынын күтетінін мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz