Қасым-Жомарт Тоқаев «Қос халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде Палестина мемлекетін құру ұстанымын жақтайды.
Сондай-ақ Таяу Шығыстағы ахуалды дипломатиялық жолмен реттеу керек деп санайды. Мұны мемлекет басшысы Палестина президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Махмұд әл-Хаббашпен кездесуінде мәлімдеді. Қабылдау барысында екі ел ынтымақтастығы достық, өзара қолдау және құрмет сипатында дамып келе жатқанына назар аударды.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Палестинаны халықаралық қауымдастықтың толық мүшесі ретінде тануға бағытталған бастамаларды дәйекті түрде қолдап келеді. Өз кезегінде Махмұд әл-Хаббаш Палестинаны қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, президенті жолдаған хатты табыстады. Оның пікірінше, Қазақстан Палестина үшін бауырлас мемлекет саналады. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Махмұд Аббасты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Тегтер #Палестина #Таяу Шығыс #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz