RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев Палестина президентін Астанаға сапармен келуге шақырды

08.12.2025, 18:06 476

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Палестина президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті. Саясаткерлер екі ел арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты дамыту маңызды екенін атап өтті. 

Сондай-ақ саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады. Тараптар Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу жөнінде де пікір алмасты. Мемлекет басшысы «Қос халық үшін екі мемлекет» формуласына сүйене отырып, аймақта тезірек бейбітшілік орнатуға бағытталған жаһандық әрекеттерді қуаттайтынын жеткізді.

Ал Палестина басшысы елі мен халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, еліміздің әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев Махмұд Аббасты өзіне қолайлы уақытта Астанаға сапармен келуге шақырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz