RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

14.12.2025, 07:30 2090

Аязды, жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон Қазақстан аумағынан шығып барады. Оның орнына қуатты циклон жылжуда. Ылғалды ауа массаларымен толығатын бұл циклон республика аумағының басым бөлігіне жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, бұрқасын алып келеді деп хабарлайды 24KZ "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасап.

Жауын-шашынмен бірге циклон желдің күшеюін де тудырады. Батыс, солтүстік және орталық өңірлерде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да күштірек болуы болжанады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz