RU
Толық нұсқаға өту

Президенттің Жапонияға сапары барысында құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады

18.12.2025, 07:09 405

Мемлекет басшысының Жапонияға ресми сапары аясында қол қойылатын коммерциялық келісімдердің жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің телеграмдағы парақшасында хабарлады. “Президент осы мақсатта Токиода жапониялық ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізбек. Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған. Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды” делінген жазбада. Қос ел тарапынан құжаттарға ірі компаниялар өкілдері қол қояды. Сондай-ақ сапар аясында өзге де ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz