Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Tausogar зауытына барды.
№1 Индустриалды паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді. Мұнда Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары және эскалаторлар өндірісімен танысты. Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орыны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады. Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.
Тегтер #президент #зауыт #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz