Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен телефон арқылы сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас әзербайжан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Сондай-ақ Әзербайжанның егемендігі мен мемлекеттілігін нығайтуда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, елінің халықаралық аренадағы беделін арттыруда Ильхам Әлиевтің айрықша рөл атқаратынына тоқталды. Саясаткерлер қазақ-әзербайжан қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Стратегиялық серіктестікті нығайтып, алыс-берісті ұлғайту талқыланды. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Әзербайжан #президент #Қасым–Жомарт ТоқаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz