Мемлекет басшысы Куба президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен оның отандастарын Куба Республикасының ұлттық мерекесі – Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады.
Президент жеделхатта Қазақстан мен Куба арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін одан әрі тереңдей беретініне сенім білдірген. Сондай-ақ Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал Куба халқына құт-береке тіледі.
Тегтер #Тоқаев #құттықтау #жеделхат #Басты жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz