Астанада жүргізушісіз такси жолға шығады. Бұл жоба биыл кезең-кезеңімен іске қсылады. Алғашқыда пилоттық жоба ретінде қарастырылады.
Сол себепті әуежай мен Абу Даби кешені аралығында қатынайтын болады. Таксидің дипетчерлік қызмет тәулік бойы жұмыс істейді. Астанада осыған байланысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және такси компаниясыынң қатысуымен жүргізушісіз таксиді дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Халықаралық зерттеулер деректеріне сүйенсек, автономды технологиялар адам факторын азайту арқылы апатардың алдын алып, көлік ағынын оңтайландырады әрі халықтың жүріп тұруына әсіресе қозғалысы шектеулі азаматтар үшін қолайлы бола түспек.
Ербол Ахметов, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі комитеті басқармасының басшысы:
- Елорда 2026 жылы жүргізушісіз такси жобасы іске қосылатын Қазақстандағы алғашқы қалалардың қатарына енді. Өздігінен жүретін автокөліктерді енгізу жобасы ақылды қала стратегиясы мен цифрлы инфрақұрылымды дамыту аясында жүзеге асырылады. Пилоттық жобаны бағыты алдағы уақытта белгілі болады. Әзірге Астана халықаралық әуежайынан бастап, Абу-Даби плаза сауда орталығына дейінгі аралық деп отырмыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #такси #АстанаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz