Былтыр экономикамыздың басым салаларын дамыту үшін жалпы сомасы 70 миллиард доллардан асатын құжаттарға қол қойылды.
Бұл Мемлекет басшысының шетелге сапарларымен қатар ықпалды мемлекеттер басшыларының Астанаға жасаған іссапарларының нәтижесі. Сарапшылар бүгінде Қазақстанның халықаралық қатынас саласында нақты ұстанымдары бар ел екенін атап өтті. Еліміз әлем қауымдастығы алдында халықаралық құқықты қатаң сақтайтын әрі инвесторларға қолайлы мемлекет ретінде мәртебесін нығайтып келеді.
Әлібек Тәжібаев, "Еуразиялық мониторинг" сараптамалық зерттеулер орталығының директоры:
- Мұның айқын дәлелі – екі жақты сапарлардың артуы. Мемлекет басшысы бастаған қазақстандық делегациялардың Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Парсы шығанағы мен араб мемлекеттеріне жасаған сапарлары, сондай-ақ Африка елдерімен байланыстардың кеңеюі ерекше маңызға ие. Бұл аса маңызды. Көп векторлы саясат өзара тиімді әрі тең құқылы қарым-қатынастар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жүйелі саясаттың нәтижесінде еліміз экономикалық даму тұрғысынан көптеген бәсекелес мемлекеттерден алға озып келеді.
Тегтер #Қазақстан экономикасы #президент #сапар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz