Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
Президент Болгария елшісі арқылы Президент Румен Радевке сәлемін жолдап, оның былтыр елімізге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты. Өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Ал Джули Стаффтпен әңгімелесу барысында АҚШ-қа жасаған сапары табысты өткенін ықыласпен еске алды. Көптеген саладағы стратегиялық серіктестіеті дамытып, нығайтуға күш саламыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ, елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттері басшыларына ізгі тілегін жолдады.
Тегтер #Басты жаңалықтар #президент #АҚШ #БолгарияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz