Елде 85 мыңнан аса адам шаңғы спортымен тұрақты түрде шұғылданады. Сондай-ақ Қазақстанда тау шаңғысы мен шаңғы жарысы кешендері, халықаралық деңгейдегі мұз ареналары секілді заманауи инфрақұрылымдар бар.
Бұл жайында бүгін мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының президентімен кездесу барысында айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Йохан Элиашпен алдағы ынтымақтастық жайын талқылап, отандық спортшылардың Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатқанын жеткізді. Кездесу соңында мемлекет басшысы елімізде шаңғы және сноуборд спортының дамуына қосқан үлесі үшін Йохан Элиашты II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Тегтер #Басты жаңалықтар #Тоқаев #спортPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz