Шығыста қытымыр аяз.
Бүгін түнде өңірдің кей аудандарында сынап бағанасы 42 градусқа дейін төмендеді. Елдің солтүстігін де аяз қысты. Қазір арқада 38 градус. Астанада бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері сабақты онлайн оқиды. Сондай-ақ бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды. Түркістан облысында қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Алматы облысында боран болады. Батыста жол қозғалысы шектелді. Мамандар қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажет деп ескертеді.
Тегтер #ауа райы #аяз #Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz