RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады

16.01.2026, 15:00 381

Қазақстан темір жолы компаниясының тарифтік жүк айналымы былтыр 10 пайызға артып, 289 миллиард тонна-шақырымды құрады.

Ал тасымал көлемі 320 миллион тоннаға жеткен. Экспорттық тасымал 89 миллион тоннадан асса, жүк транзиті 33 миллион тонна болды. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов мәлімдеді. Айтуынша, былтыр пайдалануға берілген Достық - Мойынты темір жолының екінші желісі арқылы 100 мың вагоннан аса жүк жеткізілген. Қазір теміржол инфрақұрылымдарын тарту және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобалардың жалпы ұзындығы 3900 шақырым. Компания қызметінде қауіпсіздікті, тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектіні енгізу арқылы цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Кездесуде Президент әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызын атап өтіп, теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын құптады. Сондай-ақ сала серпілісіне арналған бірқатар тапсырма берді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz