Қыс шілдесі қарқын алды. Сақылдаған сары аяз елдің есін шығарды.
Тіпті кеше кей өңірде аяз 50 градусқа дейін жеткен. Бүгін Шығыс Қазақстанда, Павлодар облысында 40 градус аяз болады. Елдің солтүсітігінде, арқада сынап бағанасы 38 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет мамандары. Ал елдің оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Алматы, Жетісу облыстарында күн 27 градусқа дейін суытуы мүмкін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ауа райы #аязPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz