RU
Толық нұсқаға өту

Президент Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобымен негізгі ұсыныстарды талқылады

19.01.2026, 13:00 421

Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі жұмыс тобымен негізгі ұсыныстарды талқылады.

Жиында Парламентті жаңғыртуға бағытталған конституциялық өзгерістердің ауқымды екені айтылды. Бұл өзгерістер елдің саяси жүйесін заман талабына сай дамытуға бағытталған. Жұмыс тобы жаңа Парламенттің құрылымы, депутаттар саны мен өкілеттік мерзімі, сайлау тәртібі, сондай-ақ заң шығару тетіктері бойынша ұсыныстар әзірледі. Бұл мәселелер бірнеше ай бойы жан-жақты қаралған. Сонымен қатар азаматтардан, сарапшылар мен қоғамдық ұйымдардан eGov және e-Otinish платформалары арқылы көптеген ұсыныс түскен. Барлығы 1,6 мыңға жуық бастама жиналып, олардың басым бөлігі саяси жүйе мен мемлекеттік басқаруды жетілдіруге қатысты болды. Ал Парламенттегі партия өкілдері өңірлерде халықтың алдағы реформаларға қызығушылығы жоғары екенін жеткізді. Отырыс қорытындысы бойынша Президент қоғамда Парламентті реформалаудың мақсаттары мен міндеттеріне қатысты дұрыс түсінік қалыптасқанын айтты. Тағы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсыныстар мен түзетулерді мұқият зерделеу керектігін жеткізді. Мемлекет басшысының сөзінше, алдағы реформалар үшін Конституцияның бірнеше бөлігін қайта қарау қажет. Бұл өзгерістер елде сапалық тұрғыдан жаңа саяси жүйенің қалыптасуына жол ашпақ. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Конституциялық реформаның негізгі бағыт-бағдары айқындалды деп күмәнсіз айтуға болады. Өзгерістердің нақты жобасы әзірленді. Жұмысқа жауапкершілікпен қарап, мағыналы, мазмұнды ұсыныс бердіңіздер. Баршаңызға алғыс айтамын. Парламенттік реформаны дайындау және Конституциялық құрылымды жаңғырту ісіне қосып жатқан үлестеріңіз айрықша. Бұл шын мәнінде тарихи миссия деуге болады. Түптеп келген біз мемлекеттігімізді нығайтып, саяси жүйені одан әрі жетілдіру үшін жұмыла жұмыс істеп жатырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz