Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Australian Open теннис турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады.
– Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.
Тегтер #Басты жаңалықтар #Рыбакина #ТоқаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz