Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан мен Пәкістан арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды.
Құжатта 19 бағыт қамтылған. Соның ішінде тау-кен өнеркәсібі және геология ғылымы саласында меморандум; экстрадициялау туралы шарт; транзиттік сауда туралы келісімі, Федералды теңіз ісі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум және өзге де салалар бойынша келісімдер жасалды. Салтанатты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында бұдан бөлек тағы 18 құжатқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды.
Тегтер #Қазақстан #Пәкістан #декларация #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz