RU
Толық нұсқаға өту

Президент: Пәкістанға сапар серіктестігіміздің маңызды кезеңі

04.02.2026, 23:00 369

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы алыс-беріс 10 есе артып, 1 млрд АҚШ долларына дейін жетпек.

Бұған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та, премьер-министр Шах-баз Шариф те сенім білдірді. Экспортқа бағдарланған Қазақстанның экономикасына Оңтүстік Азияның нарығы мен Үнді мұхитына шығатын мүмкіндік көптен бері көк-сеп келе жатқан мүдденің бірі. Пәкістан үшін де Орталық Азия басты назарда. Исламабадта өтіп жатқан бизнес форумға қатысып жатқандар оны растайды. 

Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариптің резиденциясы алаңы. Сәнмен сап түзеген құрмет қарауылы мен қызыл кілем. Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды. Президент пен Премьер-министр суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Салтанатты шаралардан соң ресми кездесу. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф шағын құрамда келіссөз жүргізді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасында көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. 

Саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастық та одан әрі тереңдетуге сұранып тұр. Мәселен алыс беріс, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы қарым-қатынасты тереңдетуге болады. Бұдан бөлек екі ел лидерлері өңірлік және халықаралық күн тәртібі мәселелерін де тілге тиек етті. 

ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті

«Қазақстан Президенті ретінде Пәкістанға бірінші рет мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Бұл сапар тарихи мәнге ие және уақыт тезінен өткен серіктестігіміздің маңызды кезеңі саналады. Мен бұған сенімдімін. Халықтарымыздың Жібек жолы арқылы және кең таралған ислам өркениеті аясында ғасырлар бойы қалыптасқан достығын жоғары бағалаймын». 

Кездесуде әңгімеге арқау болған негізгі мәселе - көлік бағыттарын өзара ұштастыру. Қазақстан Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан бұған ерекше мән беретіні атап өтілді.  

ЦИТАТА: Шахбаз Шариф Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі

«Елімізге арнайы уақыт тауып келгеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз. Пәкістан халқымен, Үкіметімен бірге Сізді қарсы алғаныма қуаныштымын. Қазақстан – біздің стратегиялық серіктесіміз. Достығымызды нығайтып, экономиканың түрлі бағыттарында, саясат, қорғаныс салаларында сенімді серіктестік орнату, сондай-ақ сауда дәліздерін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Үкіметімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегіміз келеді. Бұған күмәніңіз болмасын». 

Күмән жоқ. Қос тарап 30-дан астам келісімге қол қойып құжат алмасты. Көлік логистика әлеуетін арттыру мәселесі айрықша назарда.  

Нұрлан Жақыпов, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы:

- КТЖ Нэйшнл Лоджистик корпорэйшнмен қол қойды. Одан басқа КазПошта Пакистан Постпен және Ктж Карачи теңіз портымен тиісті келісімдерге қол қойды.  Бұл келісімдерге сәйкес біз жалпы Солтүстік Оңтүстік дәлізінің транзиттік әлеуетін жүзеге асыратын боламыз. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті Бұл тұрғыда Пәкістанның Карачи және Гвадар порттарының әлеуетін талқыладық. Басым міндеттердің бірі ретінде Транскаспий көлік дәлізін дамытуды, Ауғанстан арқылы өтетін транзиттік бағытты ілгерілетуді қарастырдық. Осы орайда Қазақстан – Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан бағытындағы темір жол бағытын іске асыру перспективасын талқыладық. 

Бұдан бөлек агроөнеркәсіп кешенінде бірлескен өндірістерді ашуға алғышарт болатын келісімдер жасалды. Президент Пәкістан компанияларын елімізде тауарлар өндіретін кәсіпорындар ашуға шақырды. Олар ауыл шаруашылығы, фармацевтика және құрылыс материалдары өнімдерін өндіруге қызығушылық танытып отыр.  

Қазақстан мен Пәкістан ықпалдастығы стратегиялық деңгейге шығып отыр. Мәдени-гуманитарлық бағыт та назарда. Қасым Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф Исламабадта әл-Фараби, Қаныш Сәтпаев және Қожа Ахмет Яссауи атындағы мәдени-білім беру орталықтарының, сондай-ақ «Достық» спорт кешенінің ашылу рәсімдеріне қатысты.  

Берік Дүйсенбай, тілші: 

- Қазақстан мен Пәкістан арасын нақты іспен, келісіммен, алыс беріспен жақындататын іскерлік қауымдастық өкілдері. Бүгін олар бизнес-форумда бас қосып жатыр. Біздің тараптан 150-дей Пәкістан жағынан 180 компания қатысуда. Миллиардтық межеге жетудің алғашқы қадамдары екі және көп жақты форматтағы келіссөздерден басталады. 

Мұрат Әділханұлы, "Falcon Eurobus" ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы:

- Пәкістан еліне осыдан 6 ай бұрын тест ретінде жіберген автобустарымыз жақсы баға алып, бүгін 600 автобусқа келісім-шарт қол қойдық. Балаларға арналған 2 мың автобусқа да келісім-шартты қазір қарастырып жатырмыз.  

Қазақстан Пәкістан бизнес форумында жалпы сомасы 200 млн долларға жуық 30-дан астам келісім жасалды. Бұл экономикалық ықпалдастықты келешекте бірнеше миллиард долларға жеткізетін әлеуетті іске асырудың басы десе болады.  

Айтмұхамед Алдажаров, АҚ "Qaztrade" сауда саясатын дамыту орталығы бас директоры 

- Таяу келешекте мұнай химиясы, металлургия, машина жасау, фармацевтика, текстиль өнеркәсібі, агроөнеркәсіп кешені және азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу салалары бойынша  алыс-беріс әлеуетін 1 млрд долларға жеткізуге болатынына  екі жақ та сенімді.

Берік Дүйсенбай, тілші:

- Орталық Азия мен Оңтүстік Азия өлкесінің арасы саяси дипломатиялық, мәдени байланыстармен жалғанған. Азды көпті алыс беріс те жоқ емес. Енді тікелей көлік байланысы жолға қойылса, бұған дейін жолдары түйіспей келген сауда керуендерін бір соқпаққа салатын бетбұрыс болмақ. Шығыс пен батыс, түстік пен теріскей дәліздерінің басы біріксе, төрт құбыланы түгендеу деген осы емес пе!

Берік Дүйсенбай, Айдос Меделбеков, Бақытбек Нұртаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz