RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Depositphotos.com

Қазақстанда телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады

05.02.2026, 08:00 395

«Қазтелерадио» АҚ ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды, деп жазады 24KZ.

Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 5 ақпанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта жүргізіледі.

Жұмыстарды жүргізу кезінде «OTAU TV» спутниктік теледидары, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату, сондай-ақ деректерді беру және телефония қызметтерін көрсетуде уақытша үзілістер болуы мүмкін.

«Қазтелерадио» АҚ туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеді және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz