Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты.
– Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, Сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін, – делінген жеделхатта.
Тегтер #Мемлекет басшылары #Жапония #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz