Мемлекет басшысы 18-19 ақпан күндері жұмыс сапарымен Америка Құрама Штаттарына барады.
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысады. Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады. Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев американдық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Тегтер #президент #АҚШ #жұмыс сапары #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz