Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сербияны Еуропадағы маңызды серіктес санайтынын айтты. Екі ел арасында сауда өсіп келеді, Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылған. Қазақстанда 60-тан астам сербиялық компания жұмыс істейді. Президент Александр Вучичтің бұл сапары ынтымақтастықты күшейтетінін атап өтті. Өз кезегінде Сербия басшысы Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін айтып, қарым-қатынастың жақсы дамып жатқанын жеткізді. Ол алдағы уақытта жасанды интеллект, IT және энергетика салаларында бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін айтты және Қасым-Жомарт Тоқаевты Сербияға сапармен келуге шақырды.
Тегтер #Қазақстан #Сербия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz