Қазақстан мен Сербия президенттері бұдан соң кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мен Белград арасында конструктивті саяси диалог жолға қойылып, парламентаралық байланыс нығайып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен іскерлік топтардың ықпалдастығы да дамып келеді. Қазақстанда 60-тан астам сербиялық компания қызмет етеді. Мемлекет басшысы кеше өткен Қазақстан-Сербия Іскерлік кеңесінің нәтижесі сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейте түсетініне сенім білдірді. Президент еліміздің бірқатар халықаралық бастамаларына қолдау білдіргені үшін Сербия тарапына ризашылығын жеткізді. Бұл сапар Қазақстан мен Сербия арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толу қарсаңында өтіп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Сербия Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктесіміз саналады. Көптеген саладағы өзара тиімді байланыстарымызды одан әрі нығайтуға ниеттіміз. Бүгін екі жақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беру тәсілдерін талқыладық. Өз тарапымыздан екі ел арасындағы ықпалдастықты кеңейтуге барлық жағдайды жасайтынымызды жеткізгім келеді.
Тегтер #Қазақстан #Сербия #кеңейтілген құрам #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz